Ссылки доступа

Қырғызстанда жүргізушілер наразылыққа шықты


Қырғызстанның Талас облысында 18 қазанда 30-дан астам такси және жүк көлігін жүргізушілері облыстық әкімдік жанында наразылық акциясына шықты.

Олар Талас - Тараз - Суусамыр жолының шетінде жүрген мал иелеріне олар көрінетіндей лента байлауды және түнгі уақытта жол бойындағы жарықты сөндірмеуді сұрайды.

Жүргізушілерді облыс әкімі Бакытбек Нарбеков қабылдап, мал иелеріне түсіндіру жұмысы жүргізілетінін айтты.

15 қазанда Талас ауданында жол апатынан сегіз адам қайтыс болды. Жүргізушілер апатқа жолға кенеттен шығып қалған мал себепкер болды дейді.

Қырғызстанда биыл соңғы сегіз айда 4 637 көлік апаты тіркеліп, 500-ге жуық адам қайтыс болған. Арасында балалар да бар. 7 мыңға жуық адам жарақат алған.

Ішкі істер министрлігі жол апатының 95 пайызына көбінде жүргізушілердің өздері себепкер болатынын айтады.

XS
SM
MD
LG