Әндіжан, Самарқанд және Хорезм облыстарындағы үш мектептің жетекшілері мұғалімдерді сайлау комиссиясының жұмысына айлып кеткенін мойындады. Мектеп жетекшілерінің айтуынша, бұл мұғалімдер мектептегі міндеттерінен босатылған, олардың сабақтарын басқа мұғалімдер өткізіп жүр.
Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының құжаттарына қарасақ, президент сайлауында негізгі жұмысты мектеп мұғалімдері атқарады.
"Мектеп мұғалімдерін президент сайлауына дайындыққа тартты. Мектепте сабақтар өтпей қалды. Балалардың болашағы қалай болады? Бұл жұмыстарға мұғалімдерсіз атқаруға болмай ма? Онда олардың орнына басқа мұғалім алсын!" - деп жазды Алтынкөл ауданындағы мектептің бір мұғалімі.
Өзбекстанның сайлау кодексінде сайлаулар мектепте өтсін деп жазылмаған. Алайда республикада өткен сайлауларда сайлау учаскелерінің 80 пайызы мектептерде орналасты.