Ссылки доступа

Ашғабатта ұн тапшылығынан ондаған жекеменшік наубайхана жабылды


Портрет президента Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедова среди хлебобулочных изделий на выставке в Ашхабаде (архивное фото)
Портрет президента Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедова среди хлебобулочных изделий на выставке в Ашхабаде (архивное фото)

Азық-түлік дағдарысына ұшыраған Түркіменстан астанасында ондаған жекеменшік наубайхана жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан жүздеген адам жұмыссыз қалды.

Бұл туралы Азатлык радиосының Ашғабаттағы тілшісі хабарлады.

Тілші мәліметіне қарағанда, бір апта бұрын астанада 30-дан астам жекеменшік наубайхана нан мен нан өнімдерін шығаруды тоқтатқан.

"Кәсіпорындардың кейбірінде орта есеппен он шақты адам жұмыс істеді. Наубайханалар жабылған уақытта жүздеген адам жұмыссыз қалды", дейді жұмысы тоқтаған наубайханалардың бірінді істеген жұмысшы.

Наубайқаналардың жабылуына мемлекеттік дүкендерде отандық ұнның болмауы себеп болған. Шетелден келетін ұн өте қымбат.

"Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер ұнды мемлекеттік дүкендерден астыртын сатып алып жүрді. Енді кәсіпорындар арзан ұн ала алмайды. Ал шетелден келетін ұнның келісі 25 манат тұрады, нанды 10 манаттан сату оларға тиімсіз", - деді жекеменшік наубайханада істеген жұмысшы.

Түркімен билігі елдегі азық-түлік дағдарысын, ұн мен нан тапшылығын мойындамай отыр. Үкімет жиналыстарында жыл сайын елде 1 миллион 400 мың тонна астық жиналады деген жалған есептер жиі айтылады.

Правительство Туркменистана прячет продуктовые очереди для сохранения своего имиджа
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

XS
SM
MD
LG