Ссылки доступа

Тәжікстан Жоғарғы соты 8 жастағы Руфейданың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарады


Тәжікстан Жоғарғы соты сегіз жастағы Руфейда Иноятованың өліміне қатысты қылмыстық істі қарап болды.

Кісі қолынан қаза тапқан қыздың көршісі, 30 жастағы Рахматулло Гадоевқа қатысты сот үкімі бүгін шығады. Сот жабық өтті. Тараптар істің қалай қаралғанын айтудан бас тартты.

8 жастағы Руфейда Иноятованы биыл 4 маусымда Рудаки ауданындағы Навобод ауылында өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, әжесінің үйінде қонақта болған Руфейда үйден 20-30 метр жердегі әжетханаға шығып, содан оралмаған. Ертесіне құқық қорғау органдары оның бөлшектелген денесін тапты.

30 жастағы Рахматулло Гадоевқа кісі өлтірді деген айып тағылды.

Оқушы қыздың өлімі қоғам наразылығын туғызды. Қылмыс әлеуметтік желілерде көп талқыланды.

Тәжікстанның әділет министрлігі кәмелет жасқа толмағандарға жасалған зорлық әрекеті үшін жаза күшейтілетінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG