Арнай қызмет мәліметінше, "сотталғандарды уақытынан бұрын босату, рақымшылық жасау тізімдерін дайындау барысында жемқорлық әрекеттері болғаны анықталды".
Комитеттің хабарлауынша, комиссияның жауапты хатшысы қызмет бабын асыра пайдаланып, сотталушыны рақымшылыққа ілінгендер тізіміне қосу үшін 170 мың сом (2 мың доллар) сұраған. 18 қазанда ол пара алу кезінде ұсталып, арнайы қызметтің тергеу изоляторына қамалды.
Президенттің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Рақымшылық жөніндегі комиссияның жауапты хатшы қызметін Таалайбек Апенов атқарған.