Ссылки доступа

АҚШ-тың Ауғанстандағы бітім мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызметтен кетті


Залмай Халилзад
Залмай Халилзад

АҚШ-тың Ауғанстандағы бітім мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзад қызметтен кетті. Бұның алдында Халилзад АҚШ-тың тәліптермен келіссөз жүргізген делегациясын басқарған.

Халилзадтың қызметтен кеткені туралы мәліметті америкалық баспасөз АҚШ мемлекеттік департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен 18 қазанда Залмай Халилзадтың орнына оның орынбасары Томас Уэст келгенін айтты.

"Оның америка халқына ондаған жылдар бойы сіңірген қызметі үшін алғыс айтам", - деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Залмай Халилзад соңғы миссиясын толық аяқтай алмағанын мәлімдеді.

"Ауған үкіметі мен Талибан арасындағы саяси келісім жоспардағыдай болмай шықты. Оның себептері көп. Мемлекеттік қызметтен кеткен соң осы мәселеге қатысты пайымымды айтам", - деп жазды Халилзад.

Ауғанстанда халықтың дені Залмай Халилзадтың әрекетін сынады. Олардың пікірінше, ұлты пуштун Халилзадтың тәліптермен келіссөздерінен соң экстремистік топ саяси лигитимдікке ие болды, ал Ауғанстанда тұрақты бейбітшілік орнай қоймады.

XS
SM
MD
LG