53 жастағы Нуриддин Холикназаров 2019 жылдың тамыз айынан бері Ташкенттің бас имам-хатибы болып қызмет атқарған. 1992 жылы Бұхарадағы "Мир-и Араб" медресесін, 1998 жылы Имам Бухари атындағы ислам институтын, 2007 жылы Ферғана мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Түрлі жылдары Асакадағы "Ахмадали Мухмуд" және Юнусабад ауданындағы "Ок тепа" мешіттерінің имам-хатибы, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Әндіжан облысындағы өкілі және Әндіжан облысының бас имам-хатибы қызметтерінде істеген.
Өзбекстанның бұрынғы бас мүфтиі Усманхан Алимов биыл 15 тамызда 72 жасқа қараған шағында қайтыс болған.