Ссылки доступа

Эстониялық компания Бішкектегі қоқыс полигон аймағын тазартуды бастады


18 қазанда Бішкектің солтүстік жағындағы қоқыс төгілген полигон аймағын тазарту жұмысы қайта басталды. Бұл жөнінде әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, қыркүйекте әкімдік Еуропа одағына екі рет хат жіберген. Онда эстониялық Ehitusfirma Rand Ja Tuulberg AS компаниясы бір жарым жылға өлкеден шығып кетіп, барлық істерді тоқтатып қойғанына байланысты қала билігі келісімді жоққа шығаруға ниеттеніп жатқаны жазылған.

Қазан айының басында Бішкек қаласының әкімі Айбек Жунушалиев Ehitusfirma Rand Ja Tuulberg AS полигонды ретке келтіру үшін Еуропа даму банкі бөлген 22 млн еуроның 10,5 миллионын аударып, бірақ міндеттемелерін сол күйі атқармағанын мәлімдеген.

Ehitusfirma Rand Ja Tuulberg AS компаниясы Бішкекте жаңа санитарлық полигон құратынын 2017 жылы жариялаған. Онда жаңа полигон аймағы екі жыл ішінде құрылатыны айтылған.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, 2019 жылы келісімге өзгерістер енгізіліп, істі аяқтау мерзімі 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылған. 2020 жылы компания жалпы істің 34% атқарып, полигондағы істерді толық тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG