Ссылки доступа

Түркияда екі түркімен белсендісі ұсталды


Туркменские активисты протестуют против правительства Туркменистана. Нью-Йорк, США, 30 сентября 2021 г.
Туркменские активисты протестуют против правительства Туркменистана. Нью-Йорк, США, 30 сентября 2021 г.

18 қазанда Түркияда түркімен үкіметіне қарсы қозғалыстың екі белсендісі қамауға алынды.

Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Хельсинки түркімен қоры осы оқиғаға қатысты мәлімдеме таратты.

47 жастағы Ахмет Рахманов пен 35 жастағы Камил Абуловты түрік билігі ұстап, оларды депортация орталығына жіберген.

Рахманов әлеуметтік желілердегі "Түркіменстанның демократиялық таңдауы" оппозициялық тобының әкімшісі болған. Бұның алдында ол әлеуметтік желілерде түркімен билігін сынап жүрген. Биыл ақпанда Ахмет Рахманов Азатлык радиосына Түркиядағы түркімен мигранттарының қиын жағдайы туралы сұхбат берген.

Абулов биыл 1 тамызда Стамбулдағы түркімен консулдығы алдындағы наразылық акциясынан соң ұсталған, бірақ артынша босатылған.

18 қазанда түстен кейін полиция Камил Абуловты Стамбулдағы Чекмекей ауданындағы пәтерінен алып кеткен. Полиция қызметкерлері оның әйеліне Түркіменстан консулдығы 28 азаматтың тізімін бергенін айтқан.

XS
SM
MD
LG