Ссылки доступа

Тәжікстанда 8 жастағы Руфейданы өлтірген жігіт өмірлік түрме жазасына кесілді


19 қазанда Тәжікстан Жоғарғы соты 8 жастағы Руфейда Иноятованың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды.

Марқұмның ата-анасының Озоди радиосына хабарлауынша, 30 жастағы Рахматулло Гадоев өмірлі түрме жазасына кесілді. Жоғарғы сот үкімге қатысты ресми мәлімдеме таратпады, сот жабық өтті.

"Біз сот үкімімен келісеміз, өмірлік жаза беруін сұрағанбыз", - деді марқұмның әкесі Валиджон Иноятов.

Гадовтың адвокаттары мен туыстары іске қатысты мәлімет беруден бас тартты.

8 жастағы Руфейда Иноятованы биыл 4 маусымда Рудаки ауданындағы Навобод ауылында өлтірген. Марқұмның туыстарының айтуынша, әжесінің үйінде қонақта болған Руфейда үйден 20-30 метр жердегі әжетханаға шығып, содан оралмаған. Ертесіне құқық қорғау органдары оның бөлшектелген денесін тапты.

Марқұмның көршісі, 30 жастағы Рахматулло Гадоевқа кісі өлтірді деген айып тағылды.

Оқушы қыздың өлімі қоғам наразылығын туғызды. Қылмыс әлеуметтік желілерде көп талқыланды.

Тәжікстанның әділет министрлігі кәмелет жасқа толмағандарға жасалған зорлық әрекеті үшін жаза күшейтілетінін хабарлады.

.

XS
SM
MD
LG