Ссылки доступа

Тәжікстанда сотталған құқық қорғаушының анасы істі қайта қарауын сұрайды (видео)


9 жылға сотталған құқық қорғаушы Иззат Амонның анасы ұлын кінәсіз деп есептейді. 77 жастағы Ашурбиби Холова ұлының тағдыры тәжік билігінің қолында дейді.

19 қазанда Душанбе соты Мәскеудегі "Тоджикон" орталығының директоры Иззат Амонды 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Құқық қорғаушының анасы Ашурбиби Холова сот үкімін әділетсіз деп есептейді. "Менің ұлым ешнәрсе ұрламады. Тергеу ісіндегі барлық қаражатты төледік. Біз оның бостандыққа шыққанын күттік. Мен Тәжікстан президентінен істі қайта қарауға тапсырма беруін сұраймын", - дейді анасы.

Ашурбиби Холова наурыз айынан бері ұлымен бір-ақ рет кездесуге мүмкіндік болғанын айтады.

Душанбе соты "Рақымшылық туралы" заң қабылдана тұра, Иззат Амонға не себептен мұндай шешім шығарғанын түсіндірмеді.

"Біз неге оған рақымшылық заңын қолданбағанын түсінбедік. Сол себептен біз қайта шағым береміз. Бұл шешім заңдарға қайшы келеді", - деп мәлімдеді құқық қорғаушының адвокаты Саидбурхон Шарипов.

Мәскеудегі тәжік орталығының жетекшісі Иззат Амон орыс азаматтығы жойылып, 25 наурызда Тәжікстанға депортацияланғаннан кейін ұсталған. Ресми мәліметке қарағанда, құқық қорғаушыға алданып қалдық деп бірнеше адамның арызынан кейін ұсталған.

Иззат Амонның жақтастары белсенді тәжік билігін ашық сынап келгеннен кейін қамалды дейді. Ресейде мигранттарға заңдық көмек беріп келген құқық қорғаушы әлеуметтік желілерде тәжік билігін ашық сынап келген.

XS
SM
MD
LG