Ссылки доступа

Тәжікстан аймақтарындағы тұрғындар жарықтың жиі сөнетініне шағымданды (видео)


Тәжікстанның бірқатар аймақтарында күн суытқан сайын жарықтың жиі сөнетініне шағымданушылар көбейді.

Ондаған адам күнде Озоди радиосына жарық жоқ екенін жазып, оны дәлелдейтін фото-видео жолдайды. Билік электр қуатына лимит енгізілгенін жоққа шығарып, жарықтың жиі сөнуінің себебін жөндеу жұмыстарымен түсіндіріп жүр.

Душанбе қаласынан бес шақымырым жерде орналасқан Жалолиддин махалласының тұрғындары бірнеше күннен бері жарық сөніп қала беретінін айтты. Махаллада екі жүз отбасы тұрады. Тұрғындар жарық мәселесі қашан шешілетінін білгісі келеді.

"Су станцияларын кім үшін салды? Жарық ақысын кешіктірмей төлеп жүрміз. Дәл түбімізде "Рогун" мен "Нурек" тұр, ал біз жарықсыз отырмыз", - дейді жергілікті тұрғын Парвина Юсуфова.

Жители регионов Таджикистана жалуются на отключения электричества
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:52 0:00

Парфина Юсуфова отбасында 20 адам бар. Электр қуаты жоқ болған соң олар тамақты отқа пісіріп жүр. Оның айтуынша, жарық сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін, сосын 21:00-ден 04:00-ге дейін сөніп тұрады.

"Барки точик" холдингі электр желілерін қысқа дайындау үшін жөндеу жүріп жатыр деп ақталды. Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны да белгісіз.

XS
SM
MD
LG