Ссылки доступа

Түркіменстанда жарық ақысын уақытынан бұрын төлеттіріп жатыр


Инфраструктура для экспорта электроэнергии из Туркменистана. Афганская провинция Логар, 2015 год. (архивное фото)
Инфраструктура для экспорта электроэнергии из Туркменистана. Афганская провинция Логар, 2015 год. (архивное фото)

Лебап уәлаятында электр желілері кәсіпорындарының жұмысшылары тұрғындардан 2021 жылдың жарық ақысын төлеп тастауын сұраған.

"Кәсіпорын жұмысшылары бүгін үйлерді аралап, 2022 жылы электр қуатының бағасы 130 пайыз қымбаттайтынын ескертті. Биыл қолданған жарық ақысы төленбесе, келесі жылы олар жаңа тарифпен есептеледі", - дейді Лебап уәлаятындағы бір тұрғын.

Қазір өңірде 100 киловатт 2,5 манат тұрады, ал 2022 жылы электр қуатының ақысы 4 манат болады.

Түркіменстан үкіметі 2019 жылы жарықтың, газ бен судың тегін берілуін тоқтатты. 2018 жылғы қыркүйекте Халк Маслахаты жиналысында осындай шешім қабылданып, тұрғындардың өмір сүру деңгейі әлдеқайда жақсырды деп айтылған.

Бірақ Түркіменстанда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлап кеткеніне бірнеше жыл болды. Азық-түлік, әсіресе нан мен ұн жетіспейді. Халық аш отыр. Енді үкімет жарық бағасын өсірмек.

Айта кетерлік жайт, Түркіменстанда жарықтың сөніп қалып жатқанына бір айдан асқан. Күндіз аймақтарда тұрғындар жарықсыз отыр.

XS
SM
MD
LG