Ссылки доступа

Өзбекстанда мұғалімдер мен ата-аналарды мектеп түлектерін жұмысқа орналастыруға мәжбүрлеп жатыр


Өзбекстанның бірнеше облысында мектеп мұғалімдеріне түлектердің жұмысқа тұрғаны жөнінде құжат жинатып қойды.

Самарқанд облысындағы бір мектепте істейтін мұғалімнің "Озодлик" радиосына хабарлауынша, мектеп мұғалімдері түлектердің жұмысқа орналасқаны туралы құжат жинап қана қоймай, олардың ата-аналарынан баларын жұмысқа тұрғызу жөнінде қолхат жаздырып алуға мәжбүр.

– Аудан басшылығы мұғалімдерге жұмыс істеткізбейді. Енді бізге былтыр мектеп бітірген түлектерді жұмысқа тұрғызуды тапсырды. Бірақ ұстаздар оларды жұмысқа орналастыруға міндетті емес қой, – дейді мұғалім.

Осы тәріздес шағымдар Ферғана облысындағы мұғалімдерден де түсті.

Өзбекстанда бұған дейін де мұғалімдерге түлектерді жұмысқа орналастыруды тапсырған.

Былтыр үкімет отырысында Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов мұғалімдер жергілікті хокимдердің көмекшілеріне айналып кеткенін айтып, ұстаздарды мәжбүрлі түрде басқа жұмысқа тартқан шенеуніктер жазаланатынын ескерткен.

XS
SM
MD
LG