Ссылки доступа

Трамп TRUTH ( "Шындық") әлеуметтік желісін қосады

Биыл қаңтарда әлеуметтік желілердің көбісінде аккаунты бұғатталған Дональд Трамп төл әлеуметтік желісін құратынын мәлімдеді.

АҚШ-тың бұрынғы президентінің медиаактивтерін біріктіретін Trump Media & Technology Group корпорациясының хабарлауынша, әлеуметтік желі TRUTH ("Шындық") деп аталады.

Желі қараша айында сынақтан өтеді. Оған арнайы шақыру алғандар ғана тіркеледі. Ал 2022 жылдан бастап басқа да қолданушылар жаңа желіге қосыла алады.

Трамп атынан жарияланған хабарламада әлеуметтік желі ашудағы мақсат - алпауыт технологиялық компанияларға бәсеке болу екені айтылған. "Талибан" твиттерде белсенді, ал сүйікті президенттеріңнің аузына қақпақ қойғысы келеді. Осында заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұлай болмауы керек" - деп есептейді Трамп.

Трамп аккаунтары жыл басында президент жақтастары Капитолийге шабуылдаған уақытта бұғатталған.

XS
SM
MD
LG