Ассоциация президенті Қанат Эшатов мәлімдегендей, қыркүйектің басында қырғызстандық компаниялар Ресейдегі зауыттардан бензин тоннасын 700 доллардан алып тұрса, қазір 800-820 доллардан сатып алады. Дизель отынының тоннасы өткен айда 600 доллардан болса, қазір 700-720 доллар болған.
"Компаниялар қазір Ресеймен қымбат бағаға келісім-шартқа отырып жатыр. Қараша айында баға салыстырмалы түрде 9-10 сомға өседі. Қарашаның басында баға аз-аздап тағы қымбаттауы мүмкін, бірақ айдың соңында біршама өседі", - деді ол.
Нефтетрейдерлер ассоциациясы бұрынғы болжамында қазан айында баға 1,-1,5 сомға өседі деп ескерткен. Бұл болжам расында тура келді.
Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі күндері бензиннің А-95 үлгісі 61,50 сом, А-92 үлгісі 56,95 сом, А-80 үлгісі 54,19 сом, дизель отыны 51,66 сомнан сатылып жатыр.
Қырғызстанның нефтетрейдерлер ассоциациясына жалпы онға жуық компания мүше. Олардың ішінде "Газпромнефть-Азия", "Бишкек петролеум", "Роснефть", "Партнёр Нефть" сияқты компаниялар бар. Олардың дені - импортерлар.
Қырғызстанда жанармайға жылдың сұраныс 1 млн 300 мың тоннадан 1 млн 500 мың тоннаға дейін барады.