Ссылки доступа

Өзбекстанның қайтыс болған мүфтиі әлемнің ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді


Усмонхон Алимов

Өзбекстанның бұрынғы мүфтиі Усмонхон Алимов үш ай бұрын қайтыс болғанына қарамастан, 2021 жылдағы "әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне" енді.

Омандағы Стратегиялық зерттеулер ислам орталығы 2009 жылдан бері жарияланатын тізімге Алимов осыған дейін 11 рет кірген.

Өзбекстанның Мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі болған Усмонхон Алимов 15 тамызда Мәскеуде COVID-19 вирусынан қайтыс болған. 19 қазанда оның орнына 53 жастағы Нуриддин Холикназаров муфти болып сайланған.

Биыл әлемдегі ең ықпалды мұсылман деп Катардың әмірі Тамим бин Хамад әл Тани табылды. Екінші орында Сауд Арабиясының ханзадасы Салман бен Абдель Азиз болса, үшінші орында Иранның жоғарғы лидері аятолла Әли Хаменеи жайғасқан. Түркия президенті Режеп Тайып Эрдоған мен Иордания ханзадасы Абдолла II де бұл тізімнің алдыңғы қатарында.

Бұдан бөлек аталған тізімде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров та бар.

XS
SM
MD
LG