Ссылки доступа

Тәліптер Кабулде наразылық шарасын түсіріп жатқан журналистерге шабуыл жасады


"Талибан" қозғалысының әскері Кабулдағы митингіні түсіріп жатқан журналистерге шабуыл жасады.

21 қазанда 20-ға жуық әйел бас қаланың көшелерінде құқықтарын талап етіп наразылық акциясына шықты. Олар "Жұмыс, нан және білім" деп ұрандап тұрды.

Көп өтпей тәліп әскерінің бірі оқиғаны түсіріп жатқан шетелдік журналисті қаруымен итеріп жіберген. Тағы бір журналистке қол салғанын "Франц-пресс" агенттігі жазды.

Ақпаратқа қарағанда, екі журналист жарақат алған.

"Тәліптер әйелдерді де, шетелдік, жергілікті журналистерді де сыйламайды", - деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Захра Мухаммади.

Әзірге "Талибан" қозғалысы бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.

Ауғанстан билігіне келген "Талибан" қозғалысы әйелдер құқығы шариғатқа байланысты қаралатынын мәлімдеген.

Қазір Ауғанстандағы 34 провинцияның бесеуінде ғана қыздарға орта мектепке баруға рұқсат берілген. Әйелдердің көпшілігіне жұмысқа баруға тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG