Ссылки доступа

Тәліптерден Өзбекстанға қашып келген ауған босқындары қиын жағдайға тап болды


Беженцы из Афганистана - 29 августа 2021 г.
Беженцы из Афганистана - 29 августа 2021 г.

Өзбекстандағы 200-ден астам ауған босқыны қиын жағдайға тап болды. Олар елге оралмайды, мұнда қала алмайды, үшінші бір елге де өте алмайды.

Термездегі ауған қауымының ақсақалы Мұхаммад Касим Низамидің айтуынша, ауған босқындары арасында қауіпсіздік күштерінде, сот жүйесі мен прокуратурада істеген адамдар бар.

Олар елге аз уақытқа арналған визамен кірген, Сұрқандария облысы әкімдігінің қатысуымен визалар үш айға созылды.

Ташкентте тұрып жатқан ауған азаматтарының айтуынша, визасын соза алмағандар да бар. Екі журналист 25 күн бұрын Ауғанстанға оралуға мәжбүр болды.

Өзбекстанның ресми өкілдері елдегі ауған азаматтарының жағдайына қатысты ештеңе айтпай отыр.

Өзбекстанның Ауғанстандағы елшілігінің хабарлауынша, 2 мыңға жуық ауған азаматы елде визамен тұрып жатыр. Олардың дені кәсіпкерлер мен студенттер.

XS
SM
MD
LG