Ссылки доступа

Джо Байден: "АҚШ Тайванды қорғауға міндетті"


Президент США Джо Байден
Президент США Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байденнің мәлімдеуінше, Тайвань Қытайдың шабуылына ұшыраған жағдайда Вашингтон арал мемлекетті қорғайды. Бұл туралы "Америка дауысы" хабарлады.

CNN телеарнасының Балтиморда ұйымдастырған кездесуде Байденге: "Қытай Тайванға шабуылдаса, АҚШ не істейді?" деген сауал қойылды. "АҚШ Тайванды қорғауға міндетті", - деп жауап берді Байден.

Соңғы бірнеше аптада Пекин ондаған әскери ұшақты Тайванның әуе қорғанысы анықтай алатын аймағына ұшырды. Қытай басшысы Си Цзиньпин Қытай мен Тайвань "түбінде қосылады" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG