Бішкек шекараны 2021 жылғы қанды қақтығыстан кейін жауып тастаған.
"Студенттер оқуын жалғастыруы керек. Шекара делимитация және демаркация аяқталғаннан кейін ашылады. Біз оны жанжалды болдырмау жабық ұстап отырмыз. Жақын күндері Тәжікстанға осы жөнінде жұмыс істеп жатқан үкіметаралық комиссия аттанады. Делимитация мен демаркацияны неғұрлым тез аяқтасақ, соғұрлым шекараны ерте ашамыз" деді ол.
2021 жылғы 28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, салдарынан екі тараптан ондаған адам қаза тапты. Осыдан кейін Бішкек біржақты шешім қабылдап, шекараны жауып тастады. Ауе байланысы та тоқтады. Қазанда Қырғызстанның жаңа үкіметі тәжік студенттеріне шекараны ашатынын мәлімдеді.