Ссылки доступа

ОСК спикер Талант Мамытовты депутаттыққа үміткер етуден бас тартты


Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы Жогорку Кеңештің төрағасы, "Ынтымақ" партиясы арқылы сайлауға түсіп жатқан Талант Мамытовты үміткер етіп тіркеуден бас тартты.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Әбдіжапар Бекматов мәлімдеді.

"Парламент сайлауына қатысуға үміткерлер мемлекеттік қызметін өткізуі тиіс. Талант Мамытов қызметін өткеріп бермегендіктен, ОСК жұмысшы топтың ұсынысын қолдап, оны тіркеуге алмау шешімін қабылдады", - деді Бекматов.

2021 жылы қабылданған сайлау жөніндегі жаңа конституциялық заңға сәйкес сайлауға қатысатын үміткерлер мемлекеттік қызметтен кетуі керек.

Осыған дейін Жогорку Кеңештің вице-спикері "Сенім" партиясынан сайлауға түсіп жатқан Нурбек Сыдыгалиев қызметін тапсырған.

Жогорку Кеңештің баспасөз қызметі парламент төрағасы қызметін өткерместен, сайлауға қатыса алады деген мәлімдеме таратқан.

Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді.

XS
SM
MD
LG