Ссылки доступа

Ташкент-Қазақстан-Мәскеу агроэкспресс пойызы қарашада жолға шығады


Қараша айының ортасында Ташкенттен Қазақстан арқылы Мәскеуге қатынайтын "Агроэкспресс" пойызы жолға шығады. Жобаға Қазақстан да қосылады.

Бұл туралы Өзбекстанның инвестиция және сыртқы сауда министрі, премьер-министрдің орынбасары Сардор Умурзаков 23 қазанда Ташкентте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, алғашқы пойыз Өзбекстаннан Мәскеуге көкөніс пен жеміс-жидек жеткізеді.

Умурзаков жобаға Қазақстан да қосылғанын, ауыл шаруашылығы өнімдері әуелі Қазақстанға, әрі қарай Ресейге тасылатынын айтты.

"Агроэкспресс" Мәскеуден Ташкентке астық, ұн мен ет өнімдерін жеткізеді.

Қыркүйектің аяғында Ресейдің экономикалық даму министрлігі "Агроэкспресс" қарашада жолға шығатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG