Ссылки доступа

Бішкекте денсаулық сақтау министрлігі алдында митинг өтіп жатыр


Бішкек қаласында денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының алдында отыз шақты адам митинг өткізіп тұр. Олардың бәрі ағза мүшелерін ауыстыру отасын жасатқан.

Наразы топтың мәлімдеуінше, биыл мамырдан бері Қырғызстанға ағза мүшелерін ауыстырғандарға арналған иммунды супрессорлар жеткізу тоқтаған.

"Дәрілер Түркия мен Еуропадан жеткізілетін. Енді оны Ресейден әкелу туралы келісім жасалып жатыр екен. Бірақ біз Ресейде шығарылған дәріні ішкіміз келмейді. Өйткені ол дәрінің залалы көп, ауыстырылған мүшені зақымдайды. Біздің құқығымыз аяққа тапталды", - деді наразылыққа шыққандардың бірі.

Олармен денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жалалидин Рахматулаев кездесті. Министрліктің хабарлауынша, тендер өтетін уақыт шегерілген, сол себепті елге дәрі жеткізу тоқтап қалған.

XS
SM
MD
LG