Ссылки доступа

Қазақстанда шенеуніктер "ұлттық рухани жаңғыруға" $280 млн жұмсағысы келеді (видео)


Казахстанцы смеются над программой "формирования национального духа": на нее требуют более четверти миллиарда долларов

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ұлттық рухани жаңғыру" жобасын таныстырды.

Бағдарлама қазақ тілін "ғылым мен кәсіп тілі" деңгейіне көтеруді, сонымен бірге отандық мәдениетті Қазақстаннан тыс жерлерге таратуды көздейді.

Министрлік басшысы Аида Балаеваның айтуынша, жобаны жүзеге асыруға бюджеттен қаражат сұралады. "Рухани жаңғыруға" салық төлеушілердің 280 млн долларын жұмсау көзделген.

Қазақстандықтар болса жобаны сынап отыр. Табысынын басым бөлігін тамаққа жұмсайтын тұрғындарды рухани жаңғыру емес, басқа мәселелер көбірек толғандырады.

Казах казаху – друг, товарищ и брат... на ринге
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:01:15 0:00

"Мемлекеттік үгіт-насихат – билік басындағылардың халықтың миын рухани құндылықтар туралы әңгімелермен ашытып, өздері елді аясуыз тонап, капиталды офшорларға шығарудың тиімді тәсілі", - деп жазған қазақ тіліндегі интернет сегментіндегі қолданушылар.

Бұның алдындағы "Рухани Жаңғыру" жобасы мемлекеттік бағдарлама ретінде тіркелмеді. Бірақ соның өзіне миллиондаған қаражат жұмсалды.

"Осындай түсініксіз жобалар - бюджет ақшасын ұрлаудың, ұрлықы ақшаны заңдастырудың таптырмас амалы. Өкінішке орай, бұл бағдарламанының түсіндірмесінен соны көріп отырмыз. Оған бөлінетін ақша мені таңқалдырды, өйткені ол мемлекеттік ақпарат саясатының жылдық бюджетінен екі есе көп", - дейді "Құқықтық медиа-орталық" директоры Диана Окремова.

Жобаның ресми тұсаукесерінде "ұлттық рухани жаңғыруды" үкімет бекіткені айтылған. Әлеуметтік мәселелер көбейгеніне қарамастан, шенеуніктер бұл жобадан бас тартқысы жоқ.

XS
SM
MD
LG