Ссылки доступа

Түркияда ұсталған түркімен белсендісі аштық жариялады


Түркияда ұсталған түркімен белсендісі Ахмет Рахманов Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің саясатына қарсы наразылық ретінде 22 қазанда аштық жариялаған. Бұл туралы Адам құқықтары бойынша Түркімен-Хельсинки қоры хабарлады.

"Халықаралық қауымдастық Түркіменстандағы және шеттегі түркімендердің жағдайына көңіл бұрады деп үміттенемін", - деп мәлімдеді Рахманов аталған қордың қызметкеріне.

Мәліметке қарағанда, Рахманов аштық жариялаған күні оның бұл акциясына депортациялық орталықтағы басқа адамдар да қосылған. Онда қазір құжаттарының мерзімі аяқталған түркіменстандықтар қамауда отыр.

"Орталықтың жетекшілігі айдың соңына дейін қамалғандардың мәселесін шешіп беруге уәде еткеннен кейін көбі тамағын іше бастады. Онда қазір тек Ахмет Рахманов ғана акциясын жалғастырып жатыр. Бүгін төртінші күн",- деп жазылған қордың мәлімдемесінде.

Açyk Söhbet: Türkiýedäki türkmenistanlylar we pasport meselesi
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:16:53 0:00

Рахманов 18 қазанда Анталияда ұсталған. Ол "Түркіменстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының әлеуметтік желілердегі парақшасының үйлестірушісі болған.

XS
SM
MD
LG