Тәжік Ұлттық банкінің 25 қазандағы мәліметіне сәйкес, бір рубльдің бағамы 154 сомониден 160 сомониге дейін өссе, 1 АҚШ долларының бағасы 11,31 сомониден 11,26 сомониге түскен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бір ай бұрын рубль бағамы 135-145 сомони болған.
"Немерем Ресейден ай сайын 10 мың сомониден салып тұрады. Бүгін 60 сомониге көбірек алдым. Бірақ қазір базарда азық-түлік бағасы қымбат. Рубль өскеннен пайда жоқ", - дейді Мухтор Алимов есімді тұрғын.
Экономикалық сарапшылардың айтуынша, рубльдің қымбаттауына соңғы күндері мұнай бағасының өсуі себеп болып отыр.
"Азия-Плюс" басылымының эксперті Фозилжон Фатхуллоев желтоқсан айына қарата рубль қайта құлдырауы мүмкін деп болжайды.