Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2018 жылы кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге уақытша тыйым салынған бұйрығына өзгертулер енгізіледі. Оған сәйкес, қоғамдық тамақтану орындарын тексеруге салынған мораторий алынып тасталады.
23-24 қазанда Теміржол ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан уланып, 12 адам түскен. Қазір олардың саны 120-ға жеткен. Арасында 14 бала бар. Олардың бәрі "Империя пицца" кафесінен суши-ролл жегенін айтқан.
Қазір бұл кафе желісінің бәрі уақытша жабылған.