Ссылки доступа

Бішкектегі кафелердің бірінде астан уланған 179 адамның елуі ауруханаға түсті


Қырғызстан астанасындағы кафелер желісінде астан уланған 179 адам Бішкек қаласы мен Шу облысындағы ауруханалардан медициналық көмек сұраған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 50 адам стационарда жатыр.

Еске салайық, тамақтан уланғандар 23 қазанда Бішкектегі ауруханалардың біріне түсе бастаған. Уақыт өте келе тамақтан уланғандар астанада ғана емес, Шу облысының Жайыл ауданында да көбейген. 25 қазанда кешке уланғандар саны 118 адамға жетті.

Науқастардың айтуынша, олар "Империя пиццы" кафесінің түрлі филиалдарында тамақтанған. Мамандар олардың бәрін уақытша жауып, асханаларды тексеріп жатыр.

Жаппай улану оқиғалары жиілеуіне байланысты республикадағы асханалардың бәрі тексерілетін болды.

Қазан айының ортасында Жалал-Абад облысындағы Созақ ауданында 138 адам астан уланған.

XS
SM
MD
LG