Озоди радиосы дереккөзінің айтуынша, оқиға өткен аптада болған. Дереккөз мәліметіне қарағанда, аудандағы жарық беру мекемесінің басшысы Рустам Туйчиевті тұрғындардың шағымынан соң жұмыстан шығарылған инспектор пышақтаған.
"Жұмыстан шығып қалған инспектор Рустам Туйчиевтің кеңсесіне кіріп, басшының кеуде тұсына пышақ сұққан. Туйчиев ауруханаға түсті", - деді дереккөз.
Аудандық аурухананың дәрігерлері мекеме басшысының жағдайы жаман емес екенін, жақында ауруханадан шығатынын айтты.
Бұрынғы инспектордың ұсталған-ұсталмағаны әзірге белгісіз.
Тәжікстан аймақтарында жарық үнемі сөніп қалады. Тұрғындар шағымы көбейді.
"Барки точик" холдингінің өкілдері жарықтың сөнуін жөндеу жұмыстарымен түсіндірген.