Мемлекеттік комитеттің мәліметінше, осындай заңсыз әрекетке ауыл шаруашылығы министрінің қазіргі және бұрынғы орынбасарлары да қатысқаны тергеу барысында анықталған. Соған байланысты, 26 қазанда министрдің қазіргі орынбасары М.И., сонымен бірге министрдің бұрынғы орынбасары И.А.С. ұсталды. Екеуі де комитеттің тергеу изоляторына түсті.
Комитет күдіктілердің есімдерін атамады, бірақ ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтынан министрдің бір орынбасары Илич Марсбек уулу екен білуге болады. Бұл қызметті бұрын Исаев Амангелді Сапарбекович атқарған.
Бұның алдында дәл осыған ұқсас іс аясында "Дордой Дыйкан" базарының директоры Эркин Салымбеков ұсталған.