Ссылки доступа

Талибан БҰҰ-ның гуманитарлық көмегін Термезден тасуға әзірге рұқсат бермеді


Тәліптер жасақтаған үкімет БҰҰ-ның гуманитарлық көмегін Термезден Ауғанстанға тасуға әзірге рұқсат бермеді. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы басқармасының өкілі хабарлады.

Қазан айының ортасында Біріккен Ұлттар Ұйымы 100 тонна гуманитарлық комекті Termez Cargo Centr логистикалық орталығына жеткізген. Гуманитарлық көмек жүк көліктерімен Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына жеткізілуі тиіс.

БҰҰ өкілінің айтуынша, жүк әлі Термез қаласында жатыр, оны көрші елге тасу үшін ауған жағының рұқсаты керек.

Бұған дейін БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмекті Өзбекстан арқылы жеткізетіні хабарланған.

Мәліметтерге қарағанда, Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс тереңдеп барады. БҰҰ мәліметінше, кем дегенде 20 миллион ауған азаматы көмекке зәру.

XS
SM
MD
LG