Ссылки доступа

Душанбеде жүрегінде ақау бар 100 балаға тегін ота жасалады (видео)


Тәжікстан астанасында жүрегінде ақау бар жүзге жуық балаға тегін ота жасалады. Оны әлемнің он екі елінің дәрігерлері жергілікті мамандармен бірге өткізеді.

Акцияны Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды. Оған Біріккен Араб Әмірліктері қолдау жасады. Дәрігерлер бірнеше балаға ота жасады.

В Таджикистане бесплатно прооперируют 100 детей с пороком сердца
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

Жеті жастағы Нозимахон енді есін жиды. Оның жүрегіне ота жасалған. Науқастың жағдайы жақсарған. Нозимахонның жүрегінде туабітті ақау болған. Оның ата-анасы баланың әрбір қадамын аңдып, үреймен өмір сүріп келген. Анасы Нилуфардың айтуынша, қызына ота жасауға қаражат болмаған. Бірнеше жыл бойы тегін ота жасау кезегінде тұрған.

Әлемнің он екі елінен келген отыз дәрігер 65 ота жасап үлгерді. Олар ондаған баланың өмірін сақтап қалды. Дәрігерлер күнде ондаған ота жасайды.

Науқастар мен олардың ата-аналары астанадағы "Истиклол" ауруханасына түрлі аймақтардан жиналды. Олардың бәрі кедей тұрады. Тегін емделеді.

Мұндай акция 2017 жылдан бері жылына бірнеше мәрте өткізіледі. Бес жылда 560 балаға ота жасалған.

XS
SM
MD
LG