Ссылки доступа

Тәжікстанда ирандық "Кафолатбанк" қызметі тоқтады


Тәжікстанның Ұлттық банкі иран капиталымен құрылған "Кафолатбанк" лицензиясын алып қойды.

"Кафолатбанк" - Тәжікстанда соңғы жарты жылда лицензиясы алынған екінші банк. Биыл жазда Ұлттық банк "Пәкістанның Тәжікстандағы еншілес банкі" қаржы мекемесінің де рұқсат қағазын теріске шығарған.

Тәжікстанның Ұлттық банкі осыған дейін ирандық несие беру ұйымына да ескерту жасалғанын хабарлады.

"Тәжікстанның Ұлттық банкі "Кафолатбанкқа" нормативтік-құқықтық талаптарды және Ұлттық банк талаптарын сақтамағаны үшін ескерту берген. Енді лицензиясын алып қою жөнінде шешім қабылданды", - деді Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Мавжуда Хасанова.

Ұлттық банк сайтында ликвидатор әзірленгенге дейін "Кафолатбанк" арқылы қандай да бір банктің істерін жүргізуге тыйым салынғаны белгіленген. Биыл "Кафолатбанкқа" талаптар атқарылмағаны үшін айыппұл салынған.

2014 жылы АҚШ иран атом бағдарламасын әзірлеуге қатысқан және Иранға осыған дейін енгізілген санкциялардан айналып өтуге көмектескені үшін "Кафолатбанкқа" санкцияға салған. Банктың негізгі акциялары ирандық "Sarmayeh" банкіна тиесілі. Ол 2012 жылдан бері АҚШ-тың санкция тізімінде.

XS
SM
MD
LG