Бішкек әкімдігі жолаушылар тасуға 1,5 мың автобус жетіспейтінін мәлімдеген. Қазір Бішкекте 75 автобус, 120 троллейбус бар.
Қырғызстан астанасында соңғы рет қоғамдық көлікке баға 2012 жылы қымбаттаған. Содан бері троллейбус пен автобус ақысы 8 сом, маршруттық кіші автобус 10 сом, кешкі сағат 9-дан кейін 12 сом болып келген. Зейнеткерлер үшін 5 сом болған.
Биыл қоғамдық көлік жүргізушілері жолақыны көтеруді талап етіп, бірнеше рет наразылық акциясына шыққан.