Ссылки доступа

Мәскеу шіркеуінің жанында суретке түскен блогерлер 10 айға қамалды


Руслан Бобиев пен Анастасия Чистова сот залында.
Руслан Бобиев пен Анастасия Чистова сот залында.

Мәскеу соты Қызыл алаңдағы Василий Блаженный шіркеуі жанында фотосессия жасаған блогер Руслан Бобиев пен модель Анастасия Чистованы 10 айға қамау туралы шешім шығарды. Олар азаматтардың діни сезімдерін кемсітуге әкелді деп айыпталған.

Биыл қыркүйектің соңында Руслан Бобиев (шын аты-жөні Руслани Талабжон) Василий Блаженный шіркеуі жанында модель Анастасия Чистовамен түскен суретін Инстаграм парақшасына жариялаған. Онда Чистова "полиция" деп жазылған күртеше киіп, Бобиевтің жанында сексуалдық имитация жасап тұрған.

Осы оқиғадан кейін Ресейдің ішкі істер министрлігі Бобиевтің суреттері үшін кешірім сұраған видеосын жариялады.

Бастапқыда полиция қызметкерлеріне мойынсұнбады деген айыппен блогерлер 10 тәулікке қамауға алынды. Кейін сот Бобиевті Ресейден депортациялау туралы шешім шығарды.

Сот шешімінде Чистова мен Бобиев "азаматтардың діни сезімдерін кемсіткен әрекетке барды" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG