Президент әкімшілігі жекеменшік ұшақтың кімнен және қаншаға жалға алынғаны туралы ресми мәліметті әзірге жариялаған жоқ.
Деректерге қарағанда, президент пайдаланатын ТУ-154 ұшағы бұл елге қона алмайды, өйткені ұшақтың бұл түрі халықаралық талаптарға сай келмейді.
ТУ-154 ұшағының №1 борты 1993 жылы шығарылған. Ресейлік баспасөздің мәліметінше, президент Владимир Путин бұл ұшақты 2006 жылы Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бәкиевке сыйлаған.
2019 жылы елдің сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбеков Санкт-Петербургтен қайтар кезде ұшақ техникалық ақауға байланысты әуеге көтеріле алмаған. Содан кейін президент делегациясымен бірге Қырғызстанға рейстегі ұшақпен оралған.
31 қазанда президент Садыр Жапаров Глазгоға жұмыс бабымен барды. Ол БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты конференциясына қатысады.