Ссылки доступа

Қырғыз президенті сайлауда бюджет қызметкерлерін насихат жұмысына тартуға тыйым салды


Қырғыз президенті Садыр Жапаров "28 қарашада Жогорку Кеңеш депутаттарын сайлауды ашық әрі таза өткізу жөнінде" жарлыққа қол қойды.

Онда сайлауды таза өткізу бойынша бірнеше талаптар жазылған. Атап айтқанда барлық үміткерлерге теңдей мүмкіндік жасау айтылған, мемлекеттік қызметкерлерге үгіт-насихат жұмысына араласуға тыйым салынған.

Дегенмен бірқатар оппозициялық саясаткерлер билік партиялары бар екенін айтып, әкімшілік ресурс қолданылуы мүмкін дейді.

Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. Жогорку Кеңеш 90 депутаттан құралады, бес жыл мерзімге сайланады. 90 депутаттың 54-і партиялық тізімнен, 36-сы бір мандат арқылы сайланады. Сайлауға 21 партия түсіп жатыр.

XS
SM
MD
LG