Kun.uz басылымының жазуынша, ең көп ақша сұрайтын тәжік шекарашылары. "Ойбек" өтізу бекетінде шекарашылар 20 долларға дейін пара сұрайды екен.
"Бұл үшін жүйкені жұқарту деген ең оңай тәсіл қолданылады. Өзбекстандықтарды шекарадан өткізбей, бейтарап зонада бірнеше сағат күткізіп қояды. Күтуге шыдамаған адамдар сұраған ақшасын беріп өтеді", - деп жазады басылым.
Қырғызстан шекарашылары 5 доллар, қазақстандық кеденшілер 175 теңге немесе 0,5 доллар алады екен.
Басылым журналисі өзбек-қазақ шекарасындағы "Гишткуприк" өткізу бекетіндегі қызметкерлер азаматтарда коронавирус белгілерін анықтайтын ПТР тест болса да, қосымша 10 доллар алады дейді.