Ссылки доступа

Тәжікстан прокуратурасы "Мадина ісіне" пікір білдірді


Азиза Давлятова, Мадина Мамаджонова және Лутфулло Давлятов
Азиза Давлятова, Мадина Мамаджонова және Лутфулло Давлятов

Тәжікстанның бас прокуратурасы Душанбе тұрғыны Мадина Мамаджонованың соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді. Жас келіншек тамыз айында азапталып, қазір ауыр жағдайда жатыр.

Күдікті ретінде ерлі-зайыптылар Лутфулло Давлятов пен Азиза Давлятова ұсталған. Бас прокуратураның мәліметінше, қазір оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Душанбе әкімі Рустам Эмомали бұл шулы оқиғаны жеке қадағалауына алған.

Facebook желісінде белгілі болғандай, тамыз айында жас келіншек Мадинаны Азиза Давлятова ұрлап әкетіп, қатты соққыға жыққан. Азизаның күйеуі Мадинамен бірге жұмыс істейді. Оны күйеуінен қызғанған. Қазір бұл іске Лутфулло Давлятовтың қаншалықты қатысы бары белгісіз.

Жәбірленуші әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер Мадина өмір-бойы төсекке байлануы мүмкін дейді.

Қазір бұл іске тәжік белсенділері араласып, соңына дейін жеткізуді талап етіп жатыр. Себебі күдікті Азиза Давлятова рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шыққан екен. Азаттық дереккөзінің айтуынша, күдіктінің артында ықпалды отбасы тұр.

XS
SM
MD
LG