Ссылки доступа

Ресей биыл Қазақстан мен Өзбекстанға әскери техникалар сатқан


2021 жылы Ресей Өзбекстанға Су-30СМ жойғыштарын, Ми-35М тікұшақтарын, Бук-М2Е зенит-зымыран кешенін, БТР-80 мен БТР-82А бронды көліктер сатқан. Әскери техникаларды Қазақстан да алған.

Бұл туралы 1 қарашада Ресей әскери-техникалық әріптестік жөніндегі федералдық қызметінің төрағасы Дмитрий Шугаев РБК телеарнасына хабарлады.

Оның айтуынша, Өзбекстанға "Орлан-10Э" ұшқышсыз ұшу аппараттары, "Тайфун-К" жеңіл бронды көліктер және қару-жарақ сатылған.

Шугаевтың мәлімдеуінше, осындай әскери техниканы Қазақстан да алған. Шенеунік Қазақстан мен Өзбекстанға сатылған әскери техникалардың бағасы мен жалпы құнын айтпады.

2019 жылғы мамырда хабарланғандай, Өзбекстан Ресеймен әскери-техникалық әріптестігін нығайта бастады. 2019 жылғы маусымда Өзбекстан мен Ресей арасында қару-жарақ саудасына қатысты 12 жаңа келісім жасалды.

XS
SM
MD
LG