Ссылки доступа

Қырғызстан президенті БҰҰ-ға климаттың өзгеруіне бейімделу бағдарламалары үшін арнайы қор құруды ұсынды


Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2 қарашада БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі фреймворк конвенциясына қатысушылардың 26-конференциясында сөз сөйлеп, БҰҰ-ға арнайы қор құруды ұсынды.

Жапаровтың пікірінше, климаттың өзгеруін тежеу үшін ауыл шаруашылығы, су ресурстары, энергетика, өнеркәсіп, төтенше жағдайлар, халық денсаулығы секілді түрлі секторларда біраз жобаны жүзеге асыру қажет.

"Еліміздің аумағының 94 пайызы таудан тұратынын ескерсек, жұмыс ауқымы орасан зор. Оларды жүзеге асыру құны шамамен 3 миллиард долларға бағаланды. Таулы елдер климаттың өзгеруінің жағымсыз жақтарын көріп отыр. Мәселелерді шешу үшін үкіметтерге сырттан көмек қажет", - деді Жапаров.

Ол қаражатқа зәру таулы елдерді бөлек қаржыландыруды қарастырып, БҰҰ бастамасымен арнайы қор құруды ұсынды. Мұндай қор мұздықтарды, ормандар мен алуан түрлі биотіршілікті сақтауға күш салады.

Глазгода климаттың өзгеруіне арналған саммит өтіп жатқан жерде Орталық Азия елдеріне арналған павильон ұйымдастырылды. Онда аймақтың экожүйесі туралы мәліметтер таныстырылады. Азаттық радиосының Қырғызстандағы мұздықтардың еруі туралы фильмі көрсетіледі.

Глазгодағы саммитке әлемнің жүзге жуық елінің басшылары жиналды. Форумға Орталық Азия елдері президенттерінен Садыр Жапаров қана қатысты.

XS
SM
MD
LG