Ссылки доступа

Өзбекстан мұсылмандар басқармасы арнайы қызметтің "жихадшы" имам туралы мәліметін жоққа шығарды


Өзбекстанның отбасы мен махалланы қолдау жөніндегі министрлігі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің "Жихадшылар" тобына мүше деген күдікпен ұсталған 12 адамның ішінде махалла алқасының төрағасы бар деген мәліметін жоққа шығарды.

Министрліктің хабарлауынша, ұсталғандар арасында махалла алқасының ешқандай төрағасы жоқ.

Мекеме жалған әрі сенімсіз ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескерткен.

Еске салайық, бұның алдында арнайы қызмет ұсталғандар арасында махалла алқасының төрағасы, мұғалім, мешіт имамының орынбасары, кәсіпкер және маусымдық жұмысшылар бар деп хабарлаған. Олар тұратын жерлерді тексеру кезінде компьютерлер, электронды мәліметтер жинағы, сонымен бірге діни мазмұндағы әдебиеттер заттай айғақ ретінде тәркіленген.

Өзбекстан мұсылмандарының діни басқармасы да ұсталғандар арасында мешіт имамының ешқандай орынбасары жоқ деп мәлімдеді.

Діни мекеме де жалған әрі сенімсіз ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескерткен.

XS
SM
MD
LG