Ссылки доступа

Тәжікстан олимпиада құрамасы алғаш рет Азия кубогының ақтық кезеңіне шықты


Фото сайта ФФТ
Фото сайта ФФТ

Тәжікстан олимпиада құрамасы (U-23) алғаш рет Азия кубогының ақтық кезеңіне жолдама алды. Жарыс 2022 жылы Өзбекстанда өтеді.

Тәжікстан футбол федерациясының хабарлауынша, Мубин Эргашев жаттықтыратын олимпиада құрамасы іріктеу турнирінде топтағы бәсекелерде екінші орын алған төрт үздік комаманданың бірі деп танылды.

Іріктеу турнирі Душанбеде өтті. Тәжік футболшылары Ливан (1:0) мен Непалды (6:0) жеңіп, Иран құрамасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Азия кубогының ақтық сайысына 11 топтың үздіктері тікелей жолдамаға ие болды. Олар: Катар, Иран, Ирак, Кувейт, БАӘ, Иордания, Австралия, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Малайзия, Жапония.

Таиланд, Сауд Арабиясы, Түркіменстан және Тәжікстан топтағы бәсекелерде екінші орын алған үздік төрт команда ретінде біріншіліктің ақтық кезеңіне өтті.

2022 жылы 23 жасқа дейінгі футболшылардың Азия біріншілігі Өзбекстанда өтеді.

XS
SM
MD
LG