Ссылки доступа

Мирзияевтің кіші күйеу баласы Ташкенттегі халықаралық конференцияға қатысты


 Отабек Умаров
Отабек Умаров

Азия олимпиада кеңесінің вице-президенті, Өзбекстан президентінің кіші күйеу баласы Отабек Умаров 2 қарашада Ташкентте өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Умаров конференцияда шамамен жарты сағаттай болған.

Ташкенттегі форумда 13 елдің олимпиада комитеттерінің басшылары қысқы Олимпиада ойындарына дайындық, допингпен күрес мәселелерін талқылаған.

Бұған дейін хабарланғандай, Отабек Умаров биыл ақпанда Ташкентте жол апатына ұшырап, әуелі Мәскеу қаласында, одан соң Оңтүстік Кореяда емделген.

Умаров 24 қазанда президент сайлауы кезінде дауыс беруге қатысқан. Осы уақытқа дейін ол көпшілік алдына шықпаған.

Отабек Умаров Өзбекстан президенті мемлекеттік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды. Оның бұл қызметтен кеткен-кетпегені ресми түрде хабарланған жоқ.

XS
SM
MD
LG