Ссылки доступа

Түркіменстанда коронавирус туралы өлең шығарған блогер сотталды


Мурат Овезов (слева) и Азат Исаков
Мурат Овезов (слева) и Азат Исаков

turkmen.news басылымының хабарлауынша, Түркіменстандағы карантин мен коронавирус туралы өлең жазып, видео жариялаған блогер Мұрат Овезов сотталды.

Басылым мәліметінше, 48 жастағы Овезов былтыр жазда бес жылға бас бостандығынан айрылған.

Овезов "алаяқтық" айыбымен сотталған. Бірақ, басылым дереккөзінің мәліметінше, оны билік әлеуметтік желіде жариялаған материалы үшін жазалаған.

Мұрат Овезов YouTube платформасына 2020 жылы видео жариялай бастаған. Дашоғыз уәлаятының Губадаг этрапында тұратын блогер басқа елдерде мыңдаған адам коронавируспен ауырып жатқанда, Түркіменстанда сақтық шаралары сақталмай отыр деп айтқан.

Түркімен билігі Түркиядағы белсенділер мен олардың елдегі туыстарына қысым жасап жатыр.

Шетелде тұратын түркімен белсенділері былтырдан бері авторитар президент Гурбангұлы Бердымұхамедов саясатын сынап, түрлі наразылық акцияларын өткізіп жүр.

XS
SM
MD
LG