Ссылки доступа

Өзбекстанда әлеуметтік желілерді бұғаттаған шенеунік жұмыстан шығарылды


Өзбекстанда Ақпарат және телекоммуникация саласына бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияев қызметтен алынды.

Бұның алдында мекеме Facebook, Instagram, "Одноклассники", Telegram, LinkedIn, YouTube, "Мой мир" және басқа да сервистерді жеке тұлға мәліметтерін сақтау тәртібін бұзды деп танып, желілерді пайдалануға шектеу қойған.

"Президенттің нұсқауымен, Ақпарат және телекоммуникация саласына бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының басшысы Голибшер Зияев қате әрі келісілмеген әрекеттері үшін қызметтен алынды. Оның бұл әрекеті тергеледі", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов фейсбуктегі парағына.

Оның айтуынша, президент Шавкат Мирзияев мемлекеттік мекеменің біржақты әрекетінен хабардар. Қателік жібергендердің бәріне шара қолданылады, деді ол.

Асадовтың мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерге қойылған шектеулер жақында жойылады.

XS
SM
MD
LG