Рашт ауданының ішкі істер басқармасы 3 қарашада Худоёровтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын растады. Блогер тағылған айыптар негізсіз деп есептейді.
Озоди радиосы дереккөзінің хабарлауынша, Жунайдулло Худоёров немере інісінің өліміне қатысты істегі күдіктінің бір туысын қорқытқан деген күдікке ілінген. 21 жастағы Алиризо Худоеров биыл 11 шілдеде Рашт ауданының Яшм ауылындағы жанжал кезінде өлтірілген.
Мәліметтерге қарағанда, блогер 27 қазанда күдікті отбасының бір мүшесін балтамен қорқытқан.
Блогер Жунайдулло Худоёров тағылған айыптарды жалған деп отыр. "Мені милицияға бетпе-бет кездесуге шақырды. Бұл адамдарды мен танимын - 2017 жылы олар маған қарсы жалған куәлік еткен. Олардың немере інім Алиризоны өлтірді деп айыпталған адамдарға туыстығы бар", деді Худоёров 3 қарашада Озоди радиосына.
Блогер жергілікті шенеуніктердің заңсыз әрекеттерін сынағаны үшін қудалауға ұшырағанына сенімді.