Өзбекстан Жоғарғы сотының хабарлауынша, сот Тәжібаевты үш жылға қоныс колонияға соттаса, Нұрымбетовтің еркіндігі 3 жылға, Ахмедовтің еркіндігі 2 жыл алты айға шектелді.
Журналистер жала жапты, билік өкілін балағаттады, оларға қарсылық көрсетті деген айыптармен сотталды.
Биыл қаңтар айында Effect.uz сайты Термез аудандық сотында түсірілген екі видео жариялады. Сот залында журналистер мен сот төрағасы Одил Бегимкулов жанжалдасқан.
Судья оның кеңсесіне рұқсатсыз кіруге болмайтынын журналистерге ескерткен.
Осы оқиғадан соң Судьялар кеңесі мәлімдеме таратып, Effest.uz журналистерін заңға қайшы әрекеті үшін айыптады.
"Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының жыл сайынғы рейтингінде Өзбекстан биыл бір саты төмендеген. Ұйым баяндамасында Өзбекстан 180 елдің ішінде 157-орын алған.