Ссылки доступа

Шымкентте Өзбекстан мен Тәжікстанға газ сатқан әйел сотталды


Шымкент қаласында Өзбекстан мен Тәжікстанға сұйық газ сатумен айналысқан бір кәсіпорынның басшысы сотталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2020-2021 жылдары сотталушы сұйық газды белгісіз біреулерден құжатсыз алып, оны көрші елдерге жөнелтіп отырған.

Мәліметтерге қарағанда, ол Өзбекстан мен Тәжікстанға 146 млн теңгенің ($340,5 мың) 966 тонна газын өткізген. Газды кеденнен өткізу кезінде әйел жалған құжаттар көрсеткен. Тергеу ол құжаттардың жалған екенін дәлелдеді.

Сотталушыға 4,3 миллион теңге ($10 мың) айыппұл салынды. Ол контрабанда тауарының құнын төлеуі тиіс.

XS
SM
MD
LG